психология тиімді мір сруге ыпал ететін ылым жне практика ретінде

тезистер. дәрістік тезистер. Таырып Психологияа кіріспе Психология ылым ретінде. Адам туралы ылымдар жйесіндегі психологияны орны жне міндеттері. Заманауи тланы алыптасуы мен оамды сананы жаырту жадайындаы психология мен психологиялы білімдерді мні.

Тақырып 1. Психологияға кіріспе

Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы)

Тақырып 2. Мен және менің мотивациям.

Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив.. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы. Мотивацияны зерттеу әдістері. Тұлғаның мотивациялық профилі. Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.
Тақырып 3. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект.
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу. Эмоционалдық интеллект анықтамасы. Эмоционалдық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде. Эмоционалдық интеллект диагностикасы және дамуы.

Тақырып 4. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы.

Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі.
Тақырып 5. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері

Темперамент, мінез және қабілет. Темперамент анықтамасы. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары.
.

Тақырып 6. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде
Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы. Өзін-өзі таныстыру. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар. Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде. Мінез-құлық және нұсқаулар. Тұлғаның адамгершілік негіздері. Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.
Тақырып 7. Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы.

Источник

Психология ғылым ретінде қалыптасуы және даму сатылары

I тарау. Психологияның негізгі мазмұны.

Психология ғылым ретінде қалыптасуы және даму сатылары

Когнитивтік, бихевериоральдық және гуманистік психология

Психология салалары

Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері

Психика ұғымы және оның даму сатылары

Психикалық жүйке жүйесі және ми

Рефлекстер және оның түрлері

§8.Негізгі психикалық үрдістер, психикалық қасиеттер, психикалық

Жағдайлар

Психика, мінез-құлық, іс-әрекет

Психология ғылым ретінде қалыптасуы және даму сатылары

Ежелгі грек философы Сократтың екі мың жыл бұрын айтқан «Өзіңді таны!» деген мәнді де мағыналы ұранды сөзі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ.

Психика туралы түсінік адамға және оның жеке өміріне өмірлік тәжірибе береді. Бір адам туралы «Ол өте жақсы психолог, кез-келген адамның қандай екенін бірден айта алады» деген сөзді

жиі естіп жатамыз. «Психологтың» астарында өмірлік тәжірибесінің арқасында адамның өмірде көргендері арқылы көп нәрсені байқайтындығы, сезінетіндігі, сол арқылы өзгелерге түсіндіре алатындығы анықталады. Сондықтан біздің әр қайсысымыз белгілі бір сатыда «Психологпыз». Қоғаммен бірге өмір сүріп және араласа жүріп біз өзімізше ол адамдардың ішкі омірі туралы түсінік жасауға мәжбүрміз, олардың қылықтары мен айтқан сөздерінің мағыналары мен себептерін ажыратамыз, олардың бізге және басқа адамдарға деген қарым-қатынастарын болжай аламыз.

психология тиімді мір сруге ыпал ететін ылым жне практика ретінде

Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің «Жан туралы» атты еңбегінде алғаш рет психикалық қүбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотельді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Психологияның екінші тарихы, 1879 жылы басталды. Сол жылы неміс ғалымы В.Вундт /1832-1920/ Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, оның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

психология тиімді мір сруге ыпал ететін ылым жне практика ретінде

Қазақстанда ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн. Қазақ психологиясының тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаев Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі – кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы – бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (XV-XX) болса, екінші кезеңі марксистік кеңестік (1920-1990) психология деп аталады, үшінші кезең – егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының (1991-2006) жаңа кезеңі.

Жан дүниесінің сыры жайлы пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тәні саудың жаны сау», «Тән ауырса, жан ауырады», «Жан бар жерде қаза бар» т.б. Осындай мақалдарда жан мен тәннің ара-қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес.

Өрісі биік, психологиялық ой-пікірлерді Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров шығармаларынан да көптен кездестіруге болады. Мысалы С.Торайғыров: «Жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады, адамның тәні өсуімен қатар, жаны да бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, маххабат жоқ, өмір жоқ, яғни бір сөзббен айтқанда тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды» деп қорытынды жасайды.

Источник

Психология ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:51, лекция

Описание
Содержание

1. Психологияның ғылыми анықтамасы.
2. Психологияның пәні, зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері.
3. Психикалық құбылыстар сипаттамасы: психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттер.
4. Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
5. Психологияның адамтану ғылымдары жүйесіндегі орны.

Работа состоит из 1 файл

Лекция 1.doc

Тақырыбы: Психология ғылым ретінде

1. Психологияның ғылыми анықтамасы.

2. Психологияның пәні, зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері.

3. Психикалық құбылыстар сипаттамасы: психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттер.

4. Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы.

5. Психологияның адамтану ғылымдары жүйесіндегі орны.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Давыдов В.В. Виды обобщений в обучении: М.1972

2.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции: учебное пособие для вузов М. 1997

3.Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. А. 1996

4. ПетровскийА.В, Ярошевский М.Г. Психология: Словарь. М.1990

5. Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6- ти т,Т-3,Проблемы развития психики М.1983

6. Асмолов А.Г. Психология личности: принципы общепсихол. Анализа. М. 1990

7. Леоньтев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.1977

8. Беккер Л.М. Психические процессы: в 3-х т, М.1985

9. Бап-Баба С. Жантану негіздері А,2003

10.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Санкт-П. 2000

11.Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-х том. 1980

12.Линдсей П, Норман Д. Переработка информации у человека: Введение в психологию М.1974

13. Мұқанов М. М. Ақыл-ой өресі А. 1980

14. Алдамұратов Ә, Рахымбеков Қ. Жалпы психология А.1996

15. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А.1993

17. Гамезо М.В, Домашенко И.А. Атлас по психологии. М.1986

18. Бодалев А.А. Психология личности М.1988

19. Страхов И.В. Психология творчества: Лекция для студ. Пед институтов. Саратов, 1968

20. Жарықбаев Қ. Психология А,1993

21. Карпова А.В. Общая психология М.2005

Гальперин П.Я. Введение в психологию. М.2000

1. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану А,1994ж.

2. Рогов Е.И. Общая психология. М, 2000г.
3. Жұмасова Қ. Психология. Алматы, 2006

4. Жарықбаев Қ, Сангилбаев О. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. А.,2006

5. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 том. Алматы, 2006

6. Психология: Словарь. Под общей ред. А.В. Петровского. М.Г.Ярошевского-М.: Политиздат, 1990

8. Леонтьев А.Н. Избр. Психол. произведения. В.2т. М.1983.

9. Рубинштейн С.Л. Общая Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Санкт-П. 2000

11.Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-х том. 1980

12.Линдсей П, Норман Д. Переработка информации у человека: Введение в психологию М.1974

1. Психологияның ғылыми анықтамасы.

Психология – психикалық құбылыстарың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, ғылым.

«Психология» термині гректің 2 сөзінен турады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

2. Психологияның пәні, зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері.

Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.

3. Психикалық құбылыстар сипаттамасы: психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттер.

Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

Психология ғылым ретінде жай ғана әртүрлі психикалық құбылыстарды сипаттау емес, сонымен қатар оларды жинақтау, түсіндіру және мәнін, белгілі заңдылықтарды ашу, соның негізінде психикалық құбылыстардың себептерін анықтау және болашақта олардың пайда болуын болжау.

Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.

Олар: түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп аталады.

Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталады.

Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т.б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді теңдей бойлап білуде ерекше орын алады.

Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

1. Психикалық кейіп (немесе қалып) – адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компонентері.

2. Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір топтың ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бір-сыдырғы орын алады.

3. Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері немесе таным процестері деп атауымызға болады. Бұған зейін, түйсік, қабылдау, ес, елес, ойлау, қиял процестері жатады.

4. Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы.

2. Психологияның салалары.

Психиканың құрылысын анықтау үшін біз оған әсер ететін негізгі факторларды білуіміз қажет. Ол факторлар 3 топқа бөлінеді:

1. Нақтылы іс-әрекет. Негізгі әрекетке байланысты мынадай салаларды анықтауға болады:

а) еңбек психологиясы;

б) педагогикалық психология;

в) медициналық психология;

д) спорт психология;

е) сауда психологиясы.

2. Даму мәселесі. Бұған байланысты мынадай салаларды анықтауға болады.:

а) түрлі жас психология;

б) арнаулы психология;

в) салыстырмалы психология.

3. Адамның қоғамға қатынасы. Осыған байланысты мынадай салаларды анықтауға болады:

а) қоғамдық психология;

б) дін психологиясы;

в) жеке адам психологиясы;

г) әлеуметтік психологиясы.

Еңбек психологиясы – адамның қоғамдық өнікеге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талаптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олар: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психологиясы.

Педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Олар: оқу ψ–сы, тәрбие ψ–сы, мұғалім ψ–сы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту тәрбиелеу ψ–сы.

Медициналық психология – дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлқының психологиялық мәнін зерттейді. Олар: Нейропсихология; Фармакопсихология; Психотерапия.

Заң психологиясы – құқық жүйесін іске осыруға байланысты психология мәселелерді қарастырады. Олар: қылмыскер ψ–сы, үкім шығарушы ψ–сы, еңбекпен түзеу орындау ψ–сы.

Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы қылық әрекетін, қолбасшы мен оның бөлігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін т.б. зерттейді.

Даму психологиясы жеке адамның әртүрлі психология процестері мен психология қасиеттерінің онтогенезін зерттейді. Олар: балалар ψ–сы, жас өспірімдер ψ–сы, ересек адам ψ–сы, кәрілік ψ–сы.

Арнайы ψ–я: олигофренопсихология (ақыл-ойы кеміс), Сурдопсихология (кереңдер), Тифлопсихология (затиптар).

Салыстырмалы ψ–я, – психологиялық өмірдің филогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.

Әлеуметтік психология – адамдардың әртүрлі ұйымдасқан, ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмасын зерттеумен шұғылданады.

5. Психологияның адамтану ғылымдары жүйесіндегі орны.

Психологияны ғылым ретінде сипаттауда психологиялық білімдердің кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн.

Біріншіден, бұл құбылыстар туралы білім, әрқайсысымызға тән, әрбір адамның түйсіктері бар, оның есінде әрқашан әртүрлі елестер сақталады, әрбір адам әртүрлі сезімдерді басынан кешіреді және т.б. Психология ғылымында осы құбылыстар туралы жинақталған және дерексіз білімдер берілетіндігі жөнінде айта аламыз. Психологиялық білімдердің бірінші ерекшелігі бұл жинақталған және дерексіз білімдер әрқайсымызға тән психикалық құбылыстар болып табылады.

Екіншіден, психологиялық білімнің күнделікті және ғылыми мағынасының сәйкес келмеуімен сипатталады. Тұрмыста адамдар психологияның терминдерін және ұғымдарын кеңінен пайдаланады. Бұл ұғымдардың шекарасы айқын көрсетілмегендіктен, әртүрлі адамдар бір терминдер мен ұғымдарды әртүрлі мағынада қолданады. Ғылыми ұғымдар белгілі мағынада, мазмұнда бірдей қолданылады.

Үшіншіден, адамның дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу үшін өте қажеттілігі.

Қазіргі психология ғылымы әртүрлі тәжірибе саласымен байланысты қалыптасудың әртүрлі сатысында тұрған ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін құрайды.

Пысықтау және бақылау сұрақтары

1. Психологияның ғылыми анықтамасын беріңіз.

2. Психологияның пәні мен зерттеу объектісі.

3. Психологияның мақсаты мен міндеттері.

3. Психикалық құбылыстар сипаттамасы: психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттер.

4. Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы.

5. Психологияның адамтану ғылымдары жүйесіндегі орны.

Источник

Адлердің қазақ тіліне аударылған негізгі идеялары

психология тиімді мір сруге ыпал ететін ылым жне практика ретінде

Индивидуалды психологияның негізгі тезистері

1.Индивидуум бірлік пен өзара келісетін бүтін ретінде

2. Адам өмірі жетістікке деген белсенді ұмтылыс ретінде. Адамды органикалық бүтіндік ретінде қарастыру бірыңғай психодинамикалық принципті талап етеді.

Адлер адамның жетістікке ұмтылуын көрсетеді, бұл жерде адамдар ішкі және сыртқы себептерден алшақтамайды, керісінше, алға ұмтылады – олар жеке тұлғалық өмірлік мақсаттарға әрқашан қозғалыста болады. Алдыларына қоятын мақсаттар, және де оларға жетудің индивидуалды жолдары адамдарға өз өміріне қаншалықты мән беретінін түсінуге кілт береді. Адлер бойынша бұл өмірлік мақсаттар мәнді деңгейде индивидуалды таңдалады, сәйкесінше, адамдар әрқашан жетістікке жетуге ұмтылғанда өз әрекеттерін жоспарлауға және өз тағдырын анықтауға қабілетті болады. Қойылған мақсаттарға жетіп, олар тек өз бағасын көтеріп қана қоймай, сондай-ақ өмірде өз орындарын табады.

3. Индивидуум шығармашылық және өзін-өзі анықтайтын бүтін ретінде.

Адамның шығармашылық табиғаты мен бостандығындағы бұл сенушілік көптеген психологтарды Адлерді қазіргі заманғы гуманистік психологияның өкілі деп есептеуге мәжбүрлейді.

4. Индивидуумның әлеуметтік қажеттігі.

Адлер адамды жекелей алынған өзара байланыстардың бүтін жүйесі ретінде ғана емес, сондай-ақ үлкен жүйелерді интегральды құрамды бөлігі ретінде – отбасының қоғамдастықтың: Индивидуалды психология қоғамға қосылған индивидуумды қарастырады және реттейді. Бұл адамды қоғамнан бөлек қарастырып, зерттей алмаймыз. Адлер теориясындағы жетекші жағдай болып табылады, оған сәйкес адамның барлық әрекеттері әлеуметтік контексте болады және адамзат табиғатының негізіне тек әлеуметтік қатынастарды түсіну арқылы ғана жетуге болады. Оған қоса, әрбір адамда табиғи қоғамдастық сезімі немесе әлеуметтік қызығушылық болады – серіктестіктің келісімді әлеуметтік қатынастар түсуге деген туа пайда болған құлшыныс. Осылайша индивидуалды психология адам мен қоғам арасындағы серіктестік пен бірігу гармонияны қажетті деп есептейді, ал олардың арасындағы конфликтіні жасанды деп есептейді.

5. Индивидуалды субъективтілік.

Феноменологиялық дәстүрге сүйеніп, Адлер әрекет әрқашан адамдардың өздері және айналадағылар туралы көзқарастарына тәуелді деп есептеген. Адамдар өздерінің «апперцепция схемасына» сәйкес, өздері құрған әлемде өмір сүреді. Адлер адамдар фиктиві мақсаттармен – олардың әрекеттерін реттейтін, осы және келешек оқиғалар туралы жеке көзқарастармен мотивтендірілгенАдлерлік әрекет кестесінде шындықты индивидуалды субъективті қабылдау айқын көрінеді.

Индивидуалды психология: негізгі концепциялар мен принциптер.

Аддлер жеке тұлға теориясының басты мақсаты – терапевтер үшін үнемді және пайдалы бағыттаушы ретінде қызмет атқару деп есептеді. Ол Фрейдқа қарағанда, жеке тұлғаның өте үнемді теориясын құрды, барлық теориялық құрылымның негізінде қосымша концепциялар мен принициптердің шектеулі көлемі жатыр. Соңғыларын, 7 бөлімге бөлуге болады: 1) кемшілік пен конпенсация сезімі; 2) жетістікке ұмтылу; 3) өмір стилі; 4) әлеуметтік қызығушылық; 5) шығармашылық «Мен»; 6) туу реті; 7) фикционды финализм.

Кемшілік және конпенсация сезімі.

Өз карьерасының басында, Фрейдпен серіктес болған кезде, Адлер «Ағзаның кемшілік және оның психикалық конпенсациясын зерттеу» атты монографиясын жарыққа шығарды. Ол бұл жұмысында неге бір ауру адамды басқасына қарағанда көп мазалайды, және неге дененің бір бөлшегін ауру басқасына қарағанда тез басатыны туралы теорияны дамытты. Адлер әрбір адамда дамымаған, туғаннан «кемтар» мүшелер ауру болады деп есептеді. Адлер бақылағандай, айқын органикалық әлсіздік пен деффектісі бар адамдар, әдетте, бұл дефектілерді жаттығу жолымен конпенсациялауға тырысады, бұл шеберлік пен күштердің дамуына әкеледі: «Көп белгілі адамдарда қандай да бір мүшесінің дефектісін көреміз; олар өмірлерінің бастапқы кезінде көп қиналған және өз қиындықтарын жеңді».

Тарих пен әдебиет дене мүшелерінің кемшілігін жеңу үшін қолданатын ынта-жігердің нәтижесі болып табылатын, ерекше жетістіктердің көптеген мысалдарын көрсетеді. Балалық шағында кекештенген, Демосфен әлемдегі атақты ооратордың бірі болды. Бала болғанда физикалық кемшілігі болған, Вильма Рудольф, жеңіл атлетикадан үш мәрте алтын медаль жеңіп алған. Жас кезінде әлсіз және ауру болған Теодор рузвельт үлкен адам үшін де және АӨШ-тың президенті ретінде де үлгілі физикалық формаға ие болды. Осылайша, дене мүшесінің кемшілігі, яғни оның туа пайда болған әлсіздігі немесе нашар қызмет жасауы адам өмірінде таңқаларлық жетістіктерге әкелуі мүмкін.

Әрине, ағза өз әлсіздігін конпенсациялауы туралы идеяның еш жаңалығы жоқ. Дәрігерлерге баяғыда белгілі, егер, мысалы, бір бүйрек дұрыс қызмет атқармаса, екіншісі оның қызметін өзіне алады. Бірақ Адлер конпенсациясының бұл процесі психикалық ортада өз орыны бар екенін көрсетеді: адамдар дене мүшесінің кемшілігін конпенсациялауға ғана ұмтылмайды, бірақ сондай-ақ өзінің психологиялық немесе әлеуметтік әлсіздігін сезінуден дамитын кемшіліктің субъективті сезімі пайда болады.

Алайда, индивидуалды кемшілік сезімі пайда болғанға жауап ретінде, гиперконпенсация пайда болуы мүмкін және осылайша, Адлер айтқан жетістік комплексі дамиды. Бұл комплекс өзінің физикалық, интеллектуалды немесе әлеуметтік қабілеттерін асыра сілтеу тенденциясында көрінеді. Кез келген жағдайда гиперкомпенсация тәсілі өзімен тұрақты кемшілік сезімін жеңумен ұмтылуды асыра сілтеуді көрсетеді. Сәйкесінше, жетістік кемшілігіне ие адам, әдетте, мақтаншақ, еркөкірек, эгоцентритті көрінеді.

Адлер өмірінің соңғы жылдарында жетістікк ұмтылу адам өмірінің фундаментальды заңы болып табылады: бұл «адам өмірін онсыз елестету мүмкін емес». Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу туа пайда болған және бірақ біз одан бас тарта алмаймыз, себебі, бұл ұм т ылу өмірдің өзі болып табылады.

Адлер жетістікке ұмтылудың әрекеті мен табиғаты туралы әртүрлі қосымша идеяларды ұсынды. 1-ден, ол оны жеке қозудың комбинациясы ретінде емес, біріккен фундаменталды мот и в ретінде қарастырды. 2-ден ол бұл ұлы алға және жоғары қарай ұмтылуы өзінің тәрбиесі бойынша универсалды екендігін айтты: ол барлығына жалпы болып табылады. 3-ден, жетістік мақсат ретінде негативті (диструктивті), сондай-ақ позитивті (конструктивті) бағыт ретінде қабылдауы мүмкін. 4-ден, Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу үлкен энергетикалық шығындар мен күш жұмсаумен байланысты. 5-ден, жетістікке ұмтылу индивидуумның деңгейінде, сондай-ақ қоғам деңгейінде де көрінеді. Адлер Фрейдке қарағанда индивидуум мен қоғамды бір-бірімен байланыста болу міндетті деп қарастырады.

Сонымен, Адлер адамдарды сыртқы әлеммен сәйкестікте өмір сүретіні, бірақ, оны әрқашан жақсартуға ұмтылатындар ретінде бейнеленеді.

Адлер бойынша өмір стилі өзіне белгілердің ерекше бірігуін, тәртіп пен әдеттердің тәсілдерін қосады, олар индивидуумның өмір сүруінің қайталанбас бейнесін анықтайды.

Адлердің көзқарасы бойынша, өмір стилі 4 немесе 5 жаста берік бекиді, нәтижесінде тоталды өзгерістерге түспейді. Әрине, адамдар өзінің индивидуалды өмірлік стилін айқындаудың жаңа тәсілдерін таба бастайды, бірақ, бұл негізінде, ерте балалық шақтағы негізгі құрылымды дамыту мен жетілдіру ғана болып табылады. Осылайша қалыптасқан өмір стилі болашақтағы тәртіптің басты стерж і ні болады және сақталады. Басқа сөзбен біздің істейтін барлық әрекеттеріміз біздің жалғыз өмір стилі қалыптасады және бағытталады. Біздің барлық психикалық процестеріміз (м, қабылдау, ойлау және сезім) бір бүтінге ұйымдасқан және біздің өмір стилінің контекстінде мағынаға ие болады.

Адлер теориясында адамның тәртібінің барлық аспектілері оның өмір стилінен шығады.

Өмір стиліне сәйкес келетін, алғашқы үш адлерлік қағидалар типі – бұл басқару, алу мен қашу. Қосымша тип (төртінші) – әлеуметтік пайдалы.

Басқарушы тип. Өз-өзіне сенімді және қуатты адамдар. Олар белсенді, бірақ әлеуметтік жағынан емес. Жас заң бұзушылар мен нашақорлар – Адлер бойынша басқарушы типке жататын, адамдардың екі мысалы.

Алушы тип. Аты көрсетіп тұрғандай, мұндай қағидасы бар адамдар сыртқы әлемге паразитті және өз қажеттіліктерінің көпшілігін басқаларының есебінен қанағаттандырады. Оларда әлеуметтік қызығушылық жоқ. Олардың өмірдегі басты мақсаты – басқалардан көп алу.

Қалушы тип. Бұл адамдарда өз мәселелерін шешуге қажетті әлеуметтік қызығушылық, белсенділік те жоқ. Олардың мақсаты өмірдегі барлық проблемалардан қашу болып табылады және сондықтан да олар сәтсіздік мүмкіндіктерін болжайтынның барлығынан қашады.

Әлеуметтік – пайдалы тип. Адамдардың бұл типі – Адлер көзқарастарының жүйесіндегі жетілу. Мұнда әлеуметтік қызығушылық пен белсенділіктің жоғарғы деңгейі біріккен көмек көрсетеді және олармен қарым- қатынас жасауға қызығады.

Ол үш негізгі өмірлік міндеттеді, жұмысты, достықты және махаббатты – әлеуметтік проблемалар ретінде қабылдайды. Бұл типке жататын адам бұл өмірлік міндеттерді шешу серіктестікті, жеке қажырлықты және басқаларға көмектесуді талап ететінін сезінеді.

Адлердің индивидуалды психологияда шешуші мәнге ие тағы бір концепция – бұл әлеуметтік қызығушылық. Әлеуметтік қызығушылық концепциясы адамдардың әлеуметтік жандар екендерін сезінуді кқрсетеді және біз өзімізді терең түсінгіміз келсе, онда біздің басқа адамдармен қатынасымызды кең – әлеуметтік – мәдени контекстте қарастыруымыз керектігін бейнелейді.

Адамдарды белгілі бір әрекеттерге туа пайда болған әлеуметтік инстинкт итермелейді, ол оларды қоғамның мақсаттары үшін эгоисттік мақсаттардан бас тартуға итермелейді. Бұл көзқарастың негізі мынада, адамдар өздерінің жекелік қажеттіліктерін әлеумметтік пайдасы бар іске арнау «әлеуметтік қызығушылық» сөзі неміс неологизмі терминінен шығады, оның мәнін басқа тілде толық жеткізу мүмкін емес. Ол «әлеуметтік сезім», «қоғамдық сезімі» немесе «қайырымдылық сезімі» деген мағына беруі мүмкін.

Адлер әлеуметтік қызығушылығының алғышарты туа пайда болған деп есептеді. Бірақ әлеуметтік қызығушылық автоматты түрде пайда болмайды, бірақ оны саналы дамытуын талап етеді. Олар тәрбиеленеді және сәйкес жетекшілік пен жаттығудың көмегімен нәтиже береді.

Әлеуметтік қызығушылық әлеуметтік ортада дамиды. Басқа адамдар – ең алдымен ана, ал кейін отбасының басқа мүшелері оның даму процесін жетілдіреді.

Әлеуметтік қызығушылық бала мен ана қарым-қатынасында пайда болатындықтан, оның мақсаты балада серіктестік, өзара байланыстар мен жолдастық қарым-қатынастарды құруға ұмтылу сезімін тәрбиелеуден тұрады. Ана өз баласына шынайы махаббатпен қарайды – өзінің қамын ойламай, баласының жақсы адам болып өсуіне бағыттайды. Бұл махаббат адамдарға көмек көрсетуден шығады және анаға өз баласында әлеуметтік қызығушылықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Адлер әкені балада әлеуметтік қызығушылықтың дамуына әсер етуші, маңызы бойынша екінші қайнар көз ретінде қарастырды. Әке екі қателікті жібермеуі керек: эмоционалды шеттелу мен ата-аналық авторитаризмді. Ақыр соңында, Адлер бойынша, балада әлеуметтік қызығушылықтың дамуына үлкен әсерді әке мен ана арасындағы қарым-қатынас көрсетеді. Осылайша, сәтсіз отбасында балаларда әлеуметтік қызығушылықтың дамуы үшін мүмкіндік аз болды.

Әлеуметтік қызығушылық психикалық денсаулықтың көрсеткіші ретінде.

Адлер бойынша, әлеуметтік қызығушылықтың айқындылығы индивидуумның психикалық денсаулығын бағалаудың ыңғайлы критерийі болып табылады. Сау адамдар шынында да басқаларға алаңдайды, олардың жетістікке ұмтылулары әлеуметтік позитивті және өзіне барлық адамдардың жақсы өмір сүруіне деген ұмтылысты қосады.

Шығармашылық «Мен» концепциясы адлерлік теорияның басты құраушы, оның персонолог ретіндегі жоғарғы жетістігі болып табылады. Адлердің айтуы бойынша, өмір стилі тұлғаның шығармашылық қабілеттері әсерінен қалыптасады. Басқаша айтқанда, әрбір адамның өзінің өмір стилін еркін құруға мүмкіндігі бар. Адамдар кім болғандарына және өздерін қалай ұстауларына өздері жауапты. Бұл шығармашылық күш адам өмірінің мақсатына жауап береді, бұл мақсатқа жету әдісін анықтайды және әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді. Осы шығармашылық күш қабылдауға, есті сақтауға, қиялға және түске әсер етеді. Ол әрбір адамдарды еркін индивидуум етеді.

Адамдар шығармашылық күшке ие болады, себебі олар адамдар болып табылады. Біз білетіндей, шығармашылық қабілеттер ерте балалық шақта гүлденеді және бұл әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді, бірақ оның қалай дамитыны әлі түсініксіз болып отыр.

Адлердің шығармашылық «Мен» концепциясында адамдар өз тағдырының қожайыны болып табылатыны туралы тұжырым көрсетілген.

Адлер бойынша баланың отбасында туу реттілігі шешуші мәнге ие.

Бірінші бала (үлкен бала). Адлерге сәйкес бірінші баланың жағдайн ол отбасында жалғыз болғанға дейіін қызығарлық деп есептеуге болады. Бірінші ата-аналарынан шексіз махаббат пен қамқорлықты алады. Бірақ бұл мәселе бала туғанға дейін ғана жалғасады. Бұл жайдай баланың жағдайын және оның өмірге деген көзқарасын күрделі өзгертеді.

Үлкен бала кіші бауыры немесе сіңілісі ата-ананың мейірімділігіне ие болғанын көргенде, өз орнын қайтарып алғысы келеді. Бірақ бұл сәтсіздікке әкеледі, өткенді қайтаруға болмайды. Мұндай күресте бірінші бала оңаша қалуға үйренеді және жалғыз өмір сүру стратегиясын меңгереді. Адлер болжағандай, үлкен бала отбасында, әдетте, консервативті, билікке ұмтылады және жетекшілікке жақын. Сондықтанда ол отбасылық қағидалар мен моральдық ұстанымдардың сақтаушысы болады.

Жалғыз бала. Адлердің есептеуінше, жалғыз баланың ролі ерекше. Ол көбінесе анасының бақылауында болады және басқалардан да осындай көмекті күтіп тұрады. Бұл өмір стилінің басты ерекшелігі тәуелділік пен эгоцентризім болып табылады.

Мұндай бала жастайынан отбасы өмірінің негізі болады. Бірақ кейінірек ол оянады және өзінің назарда еместігін сезінеді. Жалғыз бала ешқашан өз орнымен ешкіммен сөйлеспеген және күресуге қабілетті емес. Нәтижесінде онда өз құрбыларымен қиындықтар жиі болып тұрады.

Екінші (ортаңғы) бала. екінші балаға басынан өзінің үлкен ағасы немесе әпкесі ырғақ береді: жағдай оған үлкен сиблингтің жетістіктерінен асып түсуге итермелейді. Осының көмегімен, оның даму деігейі үлкен балаға қарағанда аса жоғары болмақ. Нәтижесінде екінші бала бәсекеге ұмтылушы болып өседі. Сонымен, ортаңғы балаға жетістікке ұмтылу тән.

Атап өту керек, Адлердің өзі отбасында ортаңғы бала болған.

Ақырғы бала (ең кішісі). Соңғы баланың орны ерекше. Бірден, ол «тақтан құлауды» сезінбейді және тек ата-анасының ғана емес, үлкен ағасы мен әпкелерінің махаббаты емн қамқорлығына ие болады. Екіншіден, егер де ата-аналар кедей болса, оның өзінің ештеңесі болмайды және оған басқалардың заттарын қолдануға туа келеді. Үшіншіден, үлкен балалар оны басқарады; осыдан ол тәуелсіздік сезімінің болмауынан, үлкен кемшілік сезімін сезінеді.

Фикционды финализм концепциясы – индивидуум әрекеті келешекке қатысты белгіленген мақсаттарға тәуелді.

Адлер біздің негізгі мақсаттарымыз өзімен фиктиві мақсаттарды көрсететіні туралы ойды дамытты. Кейбір адамдар, мысалы, өз өмірлерін көп жұмыс істеу және сәл сәттілік барлығына жетуге көмектеседі деген көзқарасқа сүйеніп құрады. Адлердің көзқарасы бойынша, бұл тұжырым – тек фикция, себебі, көп жұмыс істейтіндер керектінің барлығын ала бермейді. Фикцияның басқа мысалы – Алла оларды жерде дұрыс өмір сүргендері үшін, о дүниеде қолдайды дегенге сену. Фикцияның басты мысалдары: «Шынайылылық – жақсы саясат», «Барлық адамдар тең», «Ерлер әйелдерден жоғары тұрады».

Фиктивті мақсаттардың шынайылылықта аналогы болмаса да, жиі бізге өмірлік мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі.

Фиктивті мақсаттар жеке тұлға үшін қауіпті болуы мүмкін.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *